Зұлмат жылдардың әлі де ашылмаған ақтаңдақтары көп – тарихшы Сағынғали Әбубәкіров

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкенттік тарихшы Сағынғали Әбубәкіров зұлмат жылдарға қатысты арнайы мемлекеттік комиссия құрылатыны дер кезінде қабылданған шешім екенін айтады. Оның пікірінше, тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау мен саяси қуғын-сүркін құрбандарын ақтау бойынша көп зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихшы-ғалым өз кезегінде репрессияға ұшыраған ұлт ардақтыларын бүгінгі ұрпақ естен шығармас үшін әр өңірде арыстай азаматтар жайында жинақ кітаптар шығарса деп отыр.

«Әр аймақтағы елді мекендерге, көшелерге немесе сол жердегі мектептерге де еңбегі сіңген азаматтардың атын берсе, атын беріп қана қоймай жастарға ерлігін, өрлігін насихаттау жағын да қалыс қалдырмаса деген ойымды жеткізгім келеді. Сондай-ақ, еліміздегі мұрағаттарда жатқан материалдарды қолжетімді етуге қолғабыс етсе деймін. Себебі, оған тарихшылардың қолы жете бермейді. Міне, мемлекеттік деңгейде осыған рұқсат беретін кез келді. Мемлекеттік комиссия осыған назар аударса деймін. Өйткені, зұлмат жылдарға қатысты әлі де ашылмаған ақтаңдақтар көп»,- дейді тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.


Соңғы жаңалықтар