Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жасалуда - Үкімет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жасалып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе – жер қатынастарын цифрландыру. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол жер учаскелері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын болады», - деді ол.

Асқар Мамин Үкімет Парламентке Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры аясында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері жөніндегі заң жобасын енгізгенін айтты.

«Заң жобасы біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар