Жылжымайтын мүлік пен автокөліктен кепіл бұдан былай автоматты түрде алынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Бағдат Мусин қағаз алып жүргізетін тағы бір қызметтің цифрландырылғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі заманда сандар мен банк бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Сол себепті, Халық банк Homebank-ке мемлекеттік қызметтерді көрсету бастамасын қолдауда. Жеке кәсіпкерліктен басқа жақында соңғы төлемді төлегеннен кейін жылжымайтын мүліктен және автокөліктен кепілді автоматты түрде алу механизмі іске асырылады! Бүгін де клиент несиені өтегеннен кейін банктер мен ХҚКО арасында қағаз алып жүруге тура келеді. Бұдан былай, бұл процесті жоямыз!» - деп жазды Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, мұндағы негізгі мақсат – пайдаланушылар қызметтерді үздіксіз алуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттің қызметін «байқалмайтындай» етіп жасау болып отыр.


Соңғы жаңалықтар