Жылжымалы медициналық кешендер жыл сайын 1,2 млн тұрғынға қызмет көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылжымалы медициналық кешендер жыл сайын 1,2 млн тұрғынға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 73-сессиясында ДДҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдаған АМСК-тің Астана декларациясы операциялық тетіктерін ілгерілетілуде. 2020 жылдың 1 қаңтарынан медицина қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілді», - деді министр.

Оның айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлеріне жүктемені төмендету және паценттер үшін қолжетімділікті арттыру жұмыстары жүргізілді. Биыл жалпы тәжірибе дәрігерлерінің 480 учаскесі қосымша құрылды. АМСК-нің 63 жаңа нысаны салынды.

«Көліктік медицина енгізілді. Жыл сайын жылжымалы медициналық кешен шалғайдағы 1 100 елді мекеннің шамамен 1,2 млн тұрғынын қамтиды және шамамен 35 мың науқас адамдарды анықтайды. 2020 жылы қосымша 100 жылжымалы медициналық кешені сатып алынды. Осылайша, қолданыстағы 49 кешенді есепке алғанда олардың жалпы саны 149-ға жетті», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар