Жылыойда сервистік әкімдік ашылды

None
None
ЖЫЛЫОЙ. ҚазАқпарат –Атырау облысының Жылыой ауданында сервистік әкімдік ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылыой ауданы азаматтарының енді әр мекенжайда орналасқан бөлімдерге бармай, барлық өтінішін сервистік әкімдікке бере алады. Аудан әкімі Халел Жамаловтың мәліметінше, бұл бастама азаматтарға ыңғайлы жағдай жасауға мақсатында қолға алынған.

«Мемлекеттік орган жұмысының жаңа моделі халыққа «бір терезе» қағидатымен әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіп, кеңес беруді көздейді. «Сервистік әкімдіктің» мақсаты – жемқорлықпен күресіп, кәсіби қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, әкімдердің жауапкершілігін күшейту. Сонымен қатар, мұнда «өз-өзіне қызмет көрсету» бұрышы мен «Атырау – адалдық алаңының» Жылыой аудандық жобалық кеңсе өкілі тұрғындарға тиімді қызмет ұсынады», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдом Мамыт.

Айта кетелік, Жылыойдағы «Сервистік әкімдік» аудандық әкімдіктер арасында ашылған алғашқы нұсқа болып отыр.


Соңғы жаңалықтар