Жылу үшін төленген 700 млн теңгеден астам қаражат тұтынушыларға кері қайтарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жылу үшін төленген 700 млн теңгеден астам қаражат тұтынушыларға кері қайтарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын аталмыш комитет бірқатар өңірде тұтынушыларға жылуға төленген қаражаттың бір бөлігі қайтарылатыны туралы хабарлаған болатын.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті және оның аумақтық бөлімшелері барлық өңірде жылу қуатын есепке алу аспабы жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеді. Бұл табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың нормаларына сәйкес жүргізілді. Қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2020-2021 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2020 жылдың соңына дейін) қаражатты есептеуді қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.

«Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес, табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге мiндеттi.

Сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеу тәртібінің өзі тарифтерді қалыптастыру қағидасымен регламенттелген», делінген хабарламада.

Осылайша, өткен 2019-2020 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін 133 табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне жалпы сомасы ҚҚС-мен 736 771 070 теңгеге қайта есептеу жүргізді:

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 3 818 460 теңге, бұл ретте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департамент «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» РМК «Қазсушар» филиалы және «Сапро-НАТ» ЖШС бойынша қайта есептеу жүргізді, олар Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қызмет көрсетеді;

- Алматы қаласы бойынша – 13 327 030 теңге;

- Шымкент қаласы бойынша – 25 805 640 теңге;

- Алматы облысы бойынша – 8 659 900 теңге;

- Ақмола облысы бойынша – 39 708 450 теңге;

- Атырау облысы бойынша – 8 325 040 теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша – 50 624 690 теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 189 998 270 теңге;

- Жамбыл облысы бойынша – 43 108 930 теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 14 942 620 теңге;

- Қарағанды облысы бойынша – 167 298 790 теңге;

- Қостанай облысы бойынша – 50 718 610 теңге;

- Қызылорда облысы бойынша – 53 392 570 теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша – 3 291 000 теңге;

- Павлодар облысы бойынша – 28 629 400 теңге;

- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 22 562 880 теңге;

- Түркістан облысы бойынша – 12 558 790 теңге.

«Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының Ақтау қаласында жылумен жабдықтау қызметтерін көрсететін «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ында қайта есептеу және тұтынушыларға қаражат қайтарудың негізі жоқ екенін атап өткен жөн.

Барлық тұтынушылардың жылу энергиясын есептеу аспаптарын қолдануға ауысу қажеттілігі бойынша жылу энергиясының нақты тұтыну көлемі үшін ғана төлейтін болады және осы тұтынушыларға қайта есептеу жүргізілмейтінін атап көрсету қажет», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар