Жыл соңына қарай QazVac вакцинасын ДДҰ-да тіркеудің үшінші деңгейі жүзеге асады - Тоғжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы неліктен QazVac-ты әлі тіркемей отырғаны туралы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшін­ші деңгейге дейін жеткізуі қажет. Бас­қа­ша айтқанда, республиканың сани­тар­лық-эпидемиологиялық қыз­меті­нің ма­териалдық-техникалық базасы халық­аралық стандарттарға сәйкес бо­луы тиіс. Осының барлығын ретке кел­тіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уа­қыт кете­ді деген сарапшылар пікіріне қара­мас­тан, біз былтыр іс жүзінде 7 ай­дың ішін­де Қазақстанды ұлттық рет­теушінің екін­ші деңгейіне шығардық. Бұл фактіні біз­дің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкес­тігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», - деді Ералы Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар