Жыл соңына дейін 2,5 мыңнан астам қарағандылық отбасы баспаналы болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жылдың аяғына дейін 2676 отбасы қоныс тойын тойлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 105,5%-ды құрады. Оның ішінде тұрғын үйді қолданысқа беру қарқыны 10,3%-ға артты немесе 391,6 мың шаршы метрге ұлғайды. Сондай-ақ, 10 айдың ішінде баспана кезегінде тұрғандардың үлесі 6%-ға азайып отыр», - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алдағы желтоқсан айында 600 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қолдануға беріледі.

«Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артық. Одан бөлек, биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 560 отбасы жаңа қонысқа ие болды. Жыл соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар және демеушілік көмек есебінен 2 676 отбасы баспаналы болады. Оның ішінде 653-і көпбалалы отбасы санатына жатады«, - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар