Жыл сайын Қазақстанда қанша еңбек мигранты жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетітөрағасының орынбасары Ерболат Абулхатиннің айтуынша, жыл сайын Қазақстан аумағында 500 мыңнан астам шетелдік жұмысқа тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы комитет өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Қазақстан Республикасы жұмыс күшін тартатын мемлекеттердің бірі болып саналады. Әсіресе Орталық Азия мемлекеттерінен, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Қырғыз Республикасынан келетін еңбек мигранттары ауыл шаруашылығы саласында көп жұмыс істейді», - деген Ерболат Абулхатин Еnbek.kz ақпараттық жүйесі арқылы шетелдіктер де Қазақстандағы беңбек нарығы туралы мәлімет жинай алатынын еске салды.

«Өз азаматтарымыз да, басқа Қырғызстан сияқты елдердің азамттары да үйінен шықпай-ақ, Қазақстан аумағында қай мамандықтар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік бар екенін біле алады.

Жалпы Қазақстан аумағының ішінде бір жылдың ішінде, яғни, жыл сайын 500 мыңнан астам шетелдік одақтас мемлекеттерден, көрші елдерден жұмыс істеп келеді», - деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар