+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Жыл басынан бері заңсыз өткен 2 мың той анықталды

2021 жылғы 28 шілде 17:31
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері заңсыз өткен 2 мың той анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері ойын-сауық мекемелерінің карантин тәрбін бұзуға қатысты 8,5 мыңға жуық факті тіркелді, оның 2 мыңға жуығы той өткізуге қатысты. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустен емделіп жатқан 895 адамның жағдайы ауыр -ДСМ 2202 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты Қазақстанда өткен тәулікте 1878 адамнан коронавирус анықталды

Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмысқа қарсы күрес сияқты негізгі міндеттерінен бөлек, екінші жыл коронавирус пандемиясымен күрес шараларының алдыңғы шебінде жүр.

«Бүгінде Ішкі істер министрлігі шектеу шараларының сақталуын бақылауда денсаулық сақтау органдарына көмек көрсетуді жалғастыруда. Көлік объектілерінде санитарлық дәрігерлерге жолаушыларды іріктеп өткізуге көмек көрсетіледі. Халықаралық әуежайларда 19 және теміржол вокзалдарында 14 бақылау пункті орнатылған. Жыл басынан бері шетелден ПТР-анықтамасыз келген 28 мыңнан астам азамат карантинге орналастырылды», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен бірге, мониторинг тобы мүшелерінің қауіпсіздігі де қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері олар 144 мың рейд өткізіп, 22 мың карантинді бұзу фактісінің жолын кескен.

«Ойын-сауық мекемелерінің жұмыс тәрбін бұзуға қатысты 8,5 мыңға жуық факті тіркелді, оның ішінде 2 мыңға жуық факті той өткізуге қатысты», - дейді А. Заппаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT