Жыл басынан бері СҚО жолдарында 50 адам зардап шекті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл полициясына 21 наурызда болған жол-көлік оқиғасында зардап шеккен ер адамнан арыз келіп түскен.

Жамбыл мен Пионер көшелерінің қиылысында «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі, 32 жастағы қала тұрғыны қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Қызылжар ауданының 64 жастағы тұрғынының «Audi 80» көлігімен соқтығысқан.

«Audi» көлігінің жүргізушісі Петропавл қалалық көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесіне емделуге жатқызылды.

Арыз түскеннен кейін аталған факті «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша тіркелді.

«Тергеу аясында оқиғаны толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті сараптамалар тағайындалады. Жүргізушілерге маусымаралық кезеңде жолда ерекше сақтық танытуға кеңес береміз. Температураның төмендеуінен жол бетінде мұз пайда болады. Сондықтан жылдамдық режимін сақтап, көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтау қажет», - дейді Петропавл қалалық ПБ әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Рүстем Тасболатов.

Барлығы 3 айда СҚО жолдарында 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты. 46 адам жарақат алды.

Полицейлер жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды еске салады.


Соңғы жаңалықтар