+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Жыл басынан бері елордада мас күйде көлік жүргізген 683 адам ұсталды

2020 жылғы 18 қараша 14:10
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері елордада мас күйде көлік жүргізген 683 адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада 18-20 қараша аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жол жабылды

Операция жол-көлік оқиғаларын азайтуға, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтап, болдырмауға бағытталған. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы барысында жол-көлік оқиғасын болдырмауға қатысты түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Іс-шараға тәртіп сақшыларымен бірге көлікті бақылау инспекциясы, әкімдік, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Казахавтодор» ЖШС қызметкерлері қатысуда. Елорда жолдарын, әсіресе түнгі уақытта бақылайтын патрульдік полиция жасағының саны көбейді. Қазіргі уақытта автокөлікті мас күйде айдау, көлікті басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер жолынан тоқтамай өтіп кету, қауіпсіздік белдігін тақпау, ұялы телефонмен сөйлесу сынды тәртіп бұзу оқиғалары тіркеліп жатыр.

2020 жылдың 10 айында жол қозғалысын бақылау кезінде 87 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Көлікті мас күйде жүргізген 683 адам ұсталды, оның 619-ына әкімшілік тыйым салынды. Әкімшілік соттың шешімімен жол ережесін бұзған 704 адам жүргізуші куәлігінен айырылды. Бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен 945 көлік жүргізуші тіркелді. Сондай-ақ 8 мың жаяу жүргіншіге жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT