Жыл басынан бері елордада көлік жүргізу құқығынан 486 адам айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері елордада көлік жүргізу құқығынан 486 адам айырылды. Бұл туралы елордалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Чупеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлікке мас күйінде отырған 430 жүргізуші ұсталды», - деді Е. Чупеков биылғы үш айдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жолдағы талаптарды сақтамаудың ең көп тараған түрі көлікті тұраққа қою мен тоқтап тұру талаптарын бұзуға қатысты болып тұр. Осы орайда 2 083 факті тіркелді. Сонымен қатар, жолдағы белгілерді елемеудің 3 729 фактісі анықталған.

«Жыл басынан бері көлікті жүргізу құқығынан 486 жүргізуші айырылды. Әкімшілік тұрғыда 397 адам қамауға алынды. Жаяу жүргіншілер арасында жол ережесі талаптарын орындамағаны үшін 3 143 адам тіркелді», - деді Елжан Чупеков.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2022 жылдың 3 айында қала жолдарында 113 жол-көлік оқиғасы тіркелді. ЖКО салдарынан 121 адам жарақат алып, екі адам қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар