Жыл басынан бері елордада 570 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 мамырдан бастап елордада «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарлама жасап.

Іс-шара жол апаттары мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларының алдын алу мақсатында өткізіледі.

«Полиция департаменті елорда жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруда. Жол апаттарына жүргізілген талдауға сәйкес, бекеттердің орналасуына және саптық бөлімшелердің патрульдеу бағыттарына түзетулер енгізіледі. «Мас жүргізуші», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Назар аударыңыз, бағдаршам!», «Абайлаңыз, балалар» және т.б. жүргізушілер арасында көлік тәртібін қадағалауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар үнемі жүргізіледі. Жол жүрісін қадағалауды жүзеге асыру кезінде апаттың жай-күйіне әсер ететін жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуға ерекше назар аударылады», - дейді елорданың жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағамбетов.

Ағымдағы жылдың басынан бері жағдайға жүргізілген талдауға сәйкес, Нұр-Сұлтанда 48 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу әрекеті анықталды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 500 жүргізуші ұсталды. Апатты жағдай туғызғаны үшін 545 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Белгіленбеген орындарға көшкені үшін 5,5 мыңнан астам жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. Сот шешімі бойынша 570 жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырылды, 455 адам қамауға алынды.

Жақында қызметкерлер көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады. Полицияға куәгерлерден мас жүргізуші «BMW» маркалы көлікті жүргізіп келе жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері сағат 08.00-де Жұбанов көшесінде мас күйінде 24 жастағы жүргізушіні ұстады. Жігіт қашпақ болғанымен, полиция дер кезінде ұстады.

Жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартып, ҚР ЖҚЕ 2.1.4-тармағын бұзды. Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы полицияға одан әрі тергеу үшін жеткізілді.

Құжаттарды тексеру кезінде 2020 жылдың қазан айында Қарағанды қаласы сотының шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежеде мас болған.

Алайда жазаға қарамастан, жүргізуші мас күйінде көлік жүргізген. Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы ДП уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы...«) бойынша тергеу жүргізілуде. Сот шешімі бойынша, тергеу жүргізу кезеңінде жүргізуші 2 айға дейін қамауға алынады.


Соңғы жаңалықтар