Жыл басынан бері баласын қараусыз қалдырған 41 ата-ана әкімшілік жауапқа тартылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері баласын қараусыз қалдыру бойынша ата-аналардың үстінен 41 әкімшілік іс қозғалған, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Полиция өкілдерімен бірге патруль, рейд жасаған кезде қараусыз қалған балаларды тапсақ немесе суға батып бара жатқан балалар құтқарған жағдайда олардың ата-аналарына міндетті түрде әкімшілік іс қозғалады. 2231 адам шомылу кезінде заң бүзған болса, соның ішінде 41 адамға балаларға жауапсыз қарағаны үшін әкімшілік іс қозғалып отыр», - деді ТЖМ өкілі.

БАҚ өкілінің сауалына жауап бере отырып, Бауыржан Сыздықов жауапсыз ата-аналарға дамыған елдерде қолданылатын шараларға тоқталды.

«Дүниежүзіндегі тәжірибеге қарасақ, бүгінгі таңда Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та баласын қараусыз қалдырғаны үшін ата-анасының үстінен қылмыстық іс қозғалады. Мәселе ата-анаға қолданатын шарада емес. Айыппұл салып, қылмыстық іс қозғау баланың өміріне төнген қауіптің қасында ештеңе емес. Сондықтан ата-аналарға баласының қауіпсіздігі үшін төтенше жағдай қызметінің өкілдерімен бірлесіп әрекет етуге, жас буынды қауіп-қатерден бірге қорғауға шақырамын», - деді комитет төрағасы.


Соңғы жаңалықтар