Жыл басынан бері Алматы бюджетіне 1,1 млрд теңге түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингіде бюджет қаржысы қалай игеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, өткен жыл оңай болған жоқ, алайда дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың арқасында биыл динамиканың жақсарғаны байқалады.

«Қаңтар-мамыр айларында бюджетке 1,1 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылдан 248 млрд теңгеге артық. Бұл бізге әлеуметтік-бағдарланған іс-шараларға арналған шығыстарды ұлғайтуға мүмкіндік берді. Аталған қаражат 8 мектептің, 13 қосымша құрылысты жалғастыруға, жолаушылар тасымалдау үшін жаңа автобустар сатып алуға, жеке балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс орналастыруға, «Бақытты отбасы» бойынша 223 отбасына жеңілдікпен несие беруді қаржыландыруға, барлық әлеуметтік мекемеде мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалтуға және тренажерлармен толық қамтамасыз етуге және басқа да шығындарға жұмсалды», - деді Ілияс Өсеров.

Бұл ретте жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің 63%-дан астамы корпоративтік табыс салығы екен және еңбекақы төлеу қорынан түсетін салықтар есебінен орта және шағын бизнеспен қамтамасыз етілген.

Салалық бөлімде бюджетке түсетін түсімдердің жоғары өсімі саудада – үштен бір бөлігі, көлік саласында - 2 есеге, қаржы саласында - 20%-ға және өнеркәсіптен - 14%-ға өскені байқалады.

«Жақсы өсім, оның ішінде бірыңғай зейнетақы төлемдерін төлеу кезінде есептелген салық түсімдері есебінен қамтамасыз етілгенін атап өткен жөн», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар