Жыл басынан бері 7 жасырын казино мен 30 букмекерлік кеңсе жабылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаржы мониторингі комитеті биылғы 9 айда атқарған жұмысын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының экономикалық тергеу қызметін қайта бағыттау жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жедел-алдын алу шараларының кешені ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, мұнай және мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы іс-қимыл мақсатында «Barrel» жедел-алдын алу шарасы іске асырылуда.

Қазіргі таңда еліміздің 5 аумағында осы саладағы фактілер тергеуде, олардың «көлеңкелі» айналымы - 25,1 млрд теңге сомасына 140 мың тоннадан астам жанар-жағармай.

«Стоп-игра» жедел-алдын алу шарасы аясында 206 заңсыз ойын орнының қызметіне шек қойылды, елімізде 7 жасырын казино және 30 букмекерлік кеңсе анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 2660 ойын автоматы, терминалдар және покер үстелдері тәркіленіп алынды.

Жалған алкоголь өнімін өндіру бойынша 25 жерасты цехы анықталды. Заңсыз айналымнан 620 мыңнан астам бөтелке алкоголь, 140 мың литрге жуық спирт және 60 мыңнан астам жалған есепке алу-бақылау маркасы алынды.

ЭТҚ жалған ақша жасау саласында 185 қылмыстың жолын кесіп, 2000 астам купюра тәркілеп алды.

Сондай-ақ, Алматы және Қостанай қалаларында жалған ақша жасайтын 2 жасырын типография жойылды.


Соңғы жаңалықтар