Жыл басынан бері 663-ке жуық атыс қаруы тәркіленді - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан 663-ке жуық атыс қаруы тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаруды сатып алу бойынша жыл сайын өткізілетін акция Ішкі істер министрлігінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылдайтын жалғыз шарасы емес екенін атап өткен жөн. Мәселен, тұрақты негізде «Қару», «Құқықтық тәртіп» және тағы да басқа өңірлік және республикалық жедел-алдын алу іс-шаралары жүргізіледі. Олардың аясында заңсыз айналымнан қару мен оқ-дәрілер де алынады», - деді ол.

Бөлім бастығының атап өтінше, жыл басынан бері осындай іс-шаралар аясында 663-ке жуық атыс қаруы, оның ішінде 39-ы ойық қару тәркіленді.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, халықтың заңсыз сақталған қару мен қару-жарақ заттарын полиция органдарына тапсыруда азаматтық ұстанымын белсенді көрсетуді сұраймын, - деді Асылбек Ыдырысов.

Айта кетейік, 20 сәуірде елімізде халықтан заңсыз қару-жарақтарды сатып алу акциясы басталады. Оған бюджеттен 95 млн теңге бөлініп отыр.



Соңғы жаңалықтар