Жыл басынан бері 5 мыңға жуық жамбылдық коронавирус жұқтырған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Биыл Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын 5 мыңға жуық адам жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифингте баяндады.

«Соңғы екі аптада облыс бойынша КВИ-дің 235 жағдайы тіркелді. Oның ішінде симптомы бар 125 науқас, симптомсыз 110 науқас бар. Шектеу шаралары әлсіреген сәттен бастап, яғни 17 тамыздан бүгінгі күнге дейін 2 802 рейд жүргізілді, 14317 нысан тексерумен қамтылды, 906 нысанда заңбұзушылықтар анықталды. Бұл ретте жиі кездесетін кемшіліктер - бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс тәртібін сақтамау. Бұқаралық іс-шараларды өткізгені үшін 490 хаттама толтырылып, айыппұл салынды» - деді С. Әлібаева.

Спикердің айтуынша, облыс бойынша анықталмаған пневмонияның 478 жағдайы тіркелген.

Барлық науқастар пневмония диагнозымен облыстың медицина ұйымдарына жүгінген кезде анықталыпты.

«Жамбыл облысында 24 наурыз бен 28 желтоқсан аралығында коронавирус инфекциясының 4965 жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалауға сәйкес біздің Жамбыл облысы жасыл аймақта орналасқан. Эпидемиологиялық жағдай Тараз қаласында да, аудандарда да тұрақты»,-деді С.Әлібаева.


Соңғы жаңалықтар