Жүзден астам өрт сөндіруші Көкшетау маңындағы дала өртімен арпалысып жатыр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласы маңындағы далада құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін Подхоз кенті аумағында «Көкшетау – Щучье» тас жолының 7 шақырымы тұсында дала өртенді.

«Қызыл жалын 20 гектар аумақты шарпыды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 96 адам және 10 өрт сөндіру техникасы, М.Ғабдуллин Азаматық қорғау академиясының 28 қызметкері және 1 техникасы, «Бұқпа» орман шарушылығы мекемесінің 25 қызметкері және 5 техникасы жұмылдырылуда. Өрттен зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ, елді-мекендерге де қауп төніп тұрған жоқ. Қазіргі кезде өртті сөндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда», - дейді ведомстоводан.

Айта кетсек, Ақмола облысының Біржан сал ауданында найзағай түсіп, дала өрті өршіді, оны сөндірмекші болған ер адамның денесін күйік шалып көз жұмған еді.

Осы ретте, Ақмола облыстық ТЖД мамандары өңірде күннің аптап ыстық болуына байланысты тұрғындарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар