Жүз шақты мектепті өзім барып тексердім – Сапарбаев дәретханаларға камера орнату жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл обылысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі мектептердің дәретханаларына бейнебақылау камераларын орнату мәселесіне нүкте қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дәретханасы сыртта орналасқан 285 мектеп болатын. Осы мектептердің бәрінің ішіне дәретхана орнаттық. Жүз шақты мектепті өзім барып тексердім. Барлық жерде тәртіп сақталған. Сол себепті Президенттің бұл бағыттағы тапсырмасы орындалды деуге болады. Бейнебақылау камералары туралы да айтарым сол. Президент бүкіл мектепке бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырған еді. Барлық мектепке 100 пайыз кейнебақылау камералары қойылды», - деді Жамбыл обылысының әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша 8 млрд теңге сомаға 40 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Еске сала кетсек былтыр Тараздағы кәмелетке толмаған қыз балаға азғындық әрекет жасаған 38 жастағы күдікті қолға түскен болатын. Кейіннен анықталғандай кәмелетке толмаған қыз облыс орталығындағы №6 мектептің оқушысы болып шықты. Күдікті азғындық әрекетін мектептің даладағы әжетханасында жасаған.


Соңғы жаңалықтар