Жусан: Сириядан 600-ге жуық адам қайтарылып, терроризмге қатысы бар 43 адам сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 бала (18 жетім), үшінші кезеңінде 246 адам, оның ішінде 8 ер адам, 67 әйел және 171 бала (9 жетім), төртінші кезеңінде 71 адам, оның ішінде 3 ер адам, 19 әйел және 49 бала (5 жетім) елге жеткізілді. Осылайша, жалпы Сириядан қайтарылғандар саны – 595 азамат (33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім)», - деп хабарланды ҰҚК Youtube парақшасынан.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, елге қайтарылған барлық әйел мен бала оңалту және бейімдеу курсынан өткен. Терррористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін 31 ер адам мен 12 әйел сотталған. Тағы 14 адам тергеліп жатыр.





Соңғы жаңалықтар