Жұрттың көзінше ер адамды атқан екібастұздық сотталды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Таңертеңгілік мезгілде көшеде өтіп бара жатқандардың көзінше ер адамды атқан Екібастұз тұрғыны сотталды. Оған ҚР ҚК екі бабы бойынша айып тағылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

65 жастағы зейнеткерге 287-бап - «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру», сондай-ақ 99-бап - «кісі өлтіру» бойынша айып тағылды.
Еске сала кетейік, 23 ақпан күні сағат 08:00-де Екібастұзда Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу қарудан оқ атқан. Жарақат алған ер адам оқиға орнында қаза тапқан.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі зейнеткердің ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігінде және 287-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылғанын мәлім етті.
Кейінірек сотталушы қарсыласын жек екі рет – артынан және басынан атқаны белгілі болды.

Прокурор Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айыруды, ал жәбірленушілер - ұлы, қызы және жұбайы ең жоғары жаза шарасын -15 жыл тағайындауды және әрқайсысына бес миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіріп алуды сұрады.
Сотталушы өз кінәсін ішінара мойындап, кісі өлтіру ойы болмағанын түсіндірді.
Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, жалпы сомасы 7 млн теңге өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар