+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Журналистер арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды

2021 жылғы 15 мамыр 13:50
Бөлісіңіз:
Журналистер арасында Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған волейбол турнирі басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада волейболдан БАҚ өкілдері арасындағы «БАҚ лиганың» бірінші маусымы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл маусым қазақ телевизиясының майталманы Нұртілеу Иманғалиұлын еске алуға арналған.

Оны «Qazaqstan» РТРК, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан волейбол федерациясы ұйымдастырып отыр.

«Әрине, Еуразия ұлттық университеті мұндай игі бастамаларды қашанда қолдайды. Мұны спорт саласына деген құлшыныс, әлемді жайлаған дерттің қамалын бұзатын, саламаттыққа әкелетін үлкен ынта деп қабылдадық. Әрине, қазақта «Өлі риза болмай, тірі байымас» дейді. Нұртілеу Иманғалиұлы, өзінің тележурналист ретіндегі тұлғасын өзі жасаған, ол да саламатты өмір салтын ерекше қадірледі. Біздің жастарымыздың да формада болуы өте маңызды. Нұртілеу аға өз заманында тележурналистика саласындағы көп проблеманы көтерді, көп тележобаларды жүзеге асырды. Бұл – бүгінгі жастар үшін үлкен мотивация, адам ойлағанын жүзеге асыра алады. Онымен пікірлескен кездеріміз де болды, ұлтқа болсын, жастарға болсын деген адам еді. Ондай азаматтарды әрқашан еске алып отыруымыз керек», - деді ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Диқан Қамзабекұлы «Еуразия» спорт кешенінде маусымның ашылу салтанатында.

Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі жөніндегі бастаманы «Қазақстан» РТРК басқарма төрайымының орынбасары Ержанар Әшейхан көтерген болатын.

«Өздеріңіз білетіндей, волейбол –аристократтық ойын, командалық рух қалыптастыратын ойын. Оны Нұртілеу Иманғалиұлын еске алу турнирі деп атадық және алдағы уақытта тұрақты өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең басты мақсат – бір-бірімізбен аралассақ деген ой. Сондықтан аптаның бір күнін бір-бірімізбен жақын танысуға арнауды ұйғардық. Тек қана жеңісті күндерде жолығайық», - деді Е. Әшейхан.

Біріншілік 28 маусымда аталып өтетін Журналистер күніне дейін жалғасады және онда 8 команда – «2-бап. Цензура», «7 арна», «Atameken business channel», «Qazaqstan TV», «Qazaq radiolary», «ҚазАқпарат агенттігі», «Қазмедиа орталығы» және «Хабар агенттігі» ұжымдары сайысқа түседі.

Айта кетейік, 2016 жылдың 10 желтоқсанында байрақ көтерген «БАҚ лига» – Қазақстан БАҚ өкілдерін біріктіріп, редакциялар арасындағы әріптестік татулықты арттыруға арналған жоба.

Бүгінге дейін BAQ league Қазақстанның ақпарат құралдары арасында футбол додаларын өткізіп келді.

Шағын футболдан 8 маусым өтіп, оған еліміздің 40-қа жуық редакциясынан 500-ге тарта журналист қатысты.

Енді «БАҚ лига» футболдан бөлек, БАҚ өкілдері арасында волейбол чемпионаттарын да қолға алып, тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT