+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды

2021 жылғы 23 қазан 02:32
Бөлісіңіз:
Жүргізуші куәлігін алмақ болған ақтөбелік 400 мың теңгесінен айырылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жүргізуші куәлігін алмақ болған 32 жастағы тұрғын 400 мың теңгесінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өскеменде көшеде ер адамды бірнеше жерден пышақтап кеткен Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті Перуде шағын автобус жардан құлап, 10 адам қаза тапты

Ақтөбе қалалық полиция бөліміне 32 жастағы тұрғын арызданды. Ол 30-қыркүйекте бейтаныс адамға сеніп, «жүргізуші куәлігін алуға көмектемесін» деген ұсынысын қабылдаған. Сөйтіп интернет банкинг арқылы 400 мың теңге ақша аударды.

«32 жастағы ер адам алданып қалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол 27 жастағы ақтөбелік болып шықты. Мұндай жағдай жиі кездеседі. Мәселен, 28 жастағы тұрғын зейнеткерге жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеп беремін деп, хабарсыз қалды. Сөйтіп 72 жастағы ақтөбелікті алдап соққан. Екі жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT