Жұмысына кіріскен СҚО-ның жаңа басшысы барлық аудан әкімдерін жеке қабылдады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына жаңадан тағайындалған әкім Құмар Ақсақалов жұмысының алғашқы күнінде өңірдің барлық 13 ауданының әкімдерін жеке-жеке қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімдер Құмар Ақсақаловқа 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, сеніп тапсырылған аумақтарды одан әрі дамыту бойынша жоспарларын айтып берді.

Өңірдің жаңа басшысы алдағы таяу уақытқа жұмыстың басымдықты бағыттарын белгілеп, барлық басшылар мен әкімдердің жұмысы олардың қызметтерінің  нәтижесін халық күнделікті сезіне алатындай түзілуі тиістігін атап өтті. Бұл сындар облыстың әрбір басшысына бағаны қалыптастыру кезінде негізге алынатын болады.

«Теңселе басып жүруге уақыт жоқ. Нақ осында және дәл қазір іске көшу қажет. Айналаны өзгерте отырып, бір мезгілде өзің өзгеруің тиіс. Өз-өзіңді жетілдіру, дамыту қажет, ескірген стереотиптерден арылып, уақытпен бірге аяқ басу керек. Жаңа уақыт түйіткілді мәселелерді шешуде инновациялық жолдарды қажет етеді. Бұл басты талап. Бұл ретте, үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибелерге сүйену керек», - деді СҚО әкімі. 

Фото pkzsk.info сайтынан

Соңғы жаңалықтар