+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру үшін қосымша қаржы бөлінеді

2020 жылғы 2 сәуір 15:44
Бөлісіңіз:
«Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру үшін қосымша қаржы бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті салықтық преференциялар мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда 5,9 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлу мәселесіне арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкімет экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі және қабылдап отыр», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.

Оның айтуынша, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті салықтық преференциялар мен жергілікті деңгейдегі қолдауды қоспағанда 6 трлн теңгені құрайды.

«Оның ішінде 2,5 трлн теңге бюджеттен тыс қаражаттан, 3,5 трлн теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. Осылайша үш бағыт бойынша қаржыландыру жүзеге асады деп жоспарлануда. Біріншіден, экономикалық тұрақтылықты және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету үшін 1,2 трлн теңге қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыруға бюджеттен 300 миллиард теңге бөлінеді. Инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 250 мың жұмыс орны ашылады. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» жүзеге асыру үшін қосымша 84,5 млрд теңге бөлу жоспарланған. Кәсіпкерлерге қарыздарды субсидиялау және кепілдендіру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту қарастырылған. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын құруға және 250 млрд теңгеден астам салықтық түсімге қол жеткізуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

Сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарына 5 567 теңге тұратын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге 30,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл шара 2 миллионнан астам адамды қамтиды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT