Жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған жүйелі шаралар іске асырылды - Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық тауар өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылып отыр. Бұл туралы республикалық телеарналардан көрсетілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп экономика өсімін қалпына келтіру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспар әзірленді. Осы жоспар бойынша биылдың соңына дейін іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыспен қамтуды қолдауға және халықтың табысын арттыруға бағытталған жүйелі әрі салалық шаралар іске асырылды. Жалпы, кешенді жоспарда көзделген шаралар 6 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылған бірқатар саланың қалпына келуіне мүмкіндік береді. Үкімет пен қордың кешенді жоспары аясында бірлескен жұмысының маңызды бағыты: өңдеу өнеркәсібін, көлік пен логистиканы, цифрландыруды дамыту, импорт алмастыру мүмкіндігін іске асыру, шағын және орта бизнестің экономикадағы рөлін күшейту», - деді Үкімет басшысы.

Осы орайда А. Мамин тиісті атқарылып жатқан шаралар отандық тауар өндірушілерді қолдауда елеулі үлес қосатынын жеткізді. Бұл тұрғыда «Самұрық-Қазынаның» сатып алуларына отандық өндірушілердің қолжетімдігін кеңейту, жұмыс істеп тұрған бизнесті қолдауда жаңа тетіктерді енгізу, жаңа өндірістерді құру бойынша бағдарламаларды жүзеге асыру ескерілген.

Премьер-министр қордың сатып алуларында қазақстандық өндірушілердің үлесі айтарлықтай өскенін атап өтті. Отандық өндірушілер жеңіл әрі химиялық өнеркәсіп, құрылыс материалдарын өндіру бағыттарында, сондай-ақ машина жасау саласында қамтылды.

Сонымен қатар ол Үкімет «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру мерзімін қолайлы кезеңде ауыстыру бойынша ұсынысын қолдайтынын айтты.

«Алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттарының бағалауы бойынша әлемдік экономиканың көлемі биыл 10 пайызға дейін қысқаруы ықтимал. Пандемия мен шектеу шараларының аясында жаһандық сауда көлемі де 11 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференцияның соңғы есебіне сәйкес, әлемдік экономикада шетел инвестициясының көлемі 2020-2021 жылдары 40 пайызға қысқаруы ықтимал. Әсіресе, әлеуетті инвесторлар тарапынан сұраныстың уақытша шетеулі контексінде осы жағдайда активтердің ұзақ мерзімді құнына қатысты нақты түсінікті қалыптастыру - өте күрделі. Сондықтан айқындалмаған бұл жағдайда мемлекеттік активтерді жекешелендіру бойынша мерзімді ауыстыру кеңінен таралған тәжірибе болып саналады. Осы тектес шаралар Үндістанда, Францияда, Бразилияда және өзге де елдерде қабылданды. Алайда, қазіргі кездегі «Қазатомөнеркәсіп» акция пакетін сатуға қатысты оңтайлы үрдісті ерекше жағдай деп бағалауға болады», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар