Жұмыспен қамту жөнінде жүргізілген зерттеу нәтижесі жарияланды - ҚСЗИ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қазақстандықтардың жұмыспен қамтылу құрылымы бойынша жүргізілген әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерімен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көптеген адамдар үшін жұмыс – бұл негізгі табыс көзі, сонымен қатар даму әдісі және эмоционалды қанағаттану. Жұмыспен қамту мәселесі қазақстандықтарды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Олардың қаншасының жұмысы бар, олар қай салада жұмыс істейді, мамандығы бойынша немесе олай емес – бұл сұрақтар республикалық қоғамдық сауалнама барысында қойылды.

Зерттеу нәтижелері бойынша барлық ересек тұрғындар арасында жұмыс істейтін респонденттердің үлесі 54,0%. Респонденттердің тағы 10%-ның жұмысы жоқ, олардың 2,7%-ы белсенді түрде жұмыс іздейді. Әрбір төртінші қазақстандық жеке салада жұмыс істейді,ал олардың 3,5% – жеке кәсіпкерлік немесе кәсіп иелері,ал 22,2% – жалдамалы жұмысшылар.

Жұмысшылардың келесі негізгі санаты –бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері (19,2%). Біздің қоғамда жұмыс істейтін зейнеткерлердің (1,6%) және студенттердің (1,2%) үлесі шамалы.

Көбінесе қазақстандықтар медицина, білім және мәдениет саласында жұмыс істейді. Бұл салаларды респонденттердің 23,5% өз жауаптарында таңдаған. Жұмыс істейтін әрбір бесінші қазақстандық сауда саласында жұмыс істейді. Басқа салалардың әрқайсысындағы қазақстандықтардың үлесі 10%-дан аспайды. Бұлардың ішіндегі ең басымы қызмет көрсету саласы - респонденттердің 9,2%-ы жұмыс істейді. Ал, мысалы, үйде күтуші ретінде, жеке аспазшылар және т.б. респонденттердің 2%-ы, әдетте, жас және, керісінше, зейнет жасындағы жұмыспен қамтылған.

Барлық респонденттердің ішінде ең үлкен үлес (27,9%) – бір жерде 3 жылдан 5 жылға дейін жұмыс жасағандар. Шамамен әрбір төртінші респондент 5 жылдан 10 жылға дейін тұрақты жұмыс орнында жұмыс істейді. Респонденттердің 20%-дан азы жұмыс орнында тұрақты 10 жылдан астам жұмыс істейтіндер.

Барлық респонденттердің жартысынан астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді (52,1%). Ал респонденттердің 4%-ы екі жұмысты біріктіреді – мамандығы бойынша, ал екіншісі –мамандығы бойынша емес.


Соңғы жаңалықтар