+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

«Жұмыспен қамту» жол картасына бірқатар талап енгізу ұсынылды - Үкімет отырысы

2020 жылғы 27 қазан 10:30
Бөлісіңіз:
«Жұмыспен қамту» жол картасына бірқатар талап енгізу ұсынылды - Үкімет отырысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Жұмыспен қамту» жол картасына 2021 жылы бірқатар талап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
70 мыңнан астам жамбылдық жұмыспен қамту шараларына тартылған Есеп бергенде қызметкерлердің санын көрсетпейтін жұмыс беруші олардың құқығын бұзады

«Президенттің тапсырмасы бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасын 2021 жылы жалғастыру бойынша дайындық жұмыстары басталды. Осыған байланысты жол картасын тұрақты әрі жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттап, оның тәсілдерін жетілдіру үшін келесі талаптарды ұсынамыз. Біріншіден, іске асырылатын жобалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында орталық деңгейде жобаларды іріктеу бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері мен Парламент депутаттарының қатысуымен жұмыс тобын құру қажет. Екіншіден, қаржыландыру лимиттерін аймақтар бойынша жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санына сәйкес анықтау керек. Сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын құратын жаңа нысандарды салуға және кәсіпкерлікке несие беруді белгілеген жөн», - деді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министр сондай-ақ 2021 жылы жұмыспен қамту уақыты аз жөндеу жұмыстарын көздейтін жобаларды және республикалық меншік нысандары мен капиталды көп қажетсінетін жобаларды қарамауды ұсынды.

«Жұмыспен қамту тұрғысында бірлесе атқарып отырған шаруалардың нәтижелері халықтың табысының төмендемеуіне оң әсерін тигізер деп сенеміз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT