Жұмыспен қамту шаралары 100% автоматтандырылады – Еңбек министрлігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында Цифрлық жұмыспен қамту орталықтары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамту саласындағы қызметтердің қолжетімдігін арттыру мақсатында Цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын енгізу жұмысы кезең-кезеңімен жалғасуда. Биылдан бастап жұмыссыз ретінде тіркеу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру қызметтері электронды еңбек биржасы арқылы толық автоматтандырылды. Осы уақытта жұмыспен қамту орталығана жүгінген әрбір үшінші адам немесе 122 мың азамат онлайн қызмет алды», - деді С. Шәпкенов Үкімет отырысында.

Портал арқылы 44 мың адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алса, 15 мыңнан астам адамға жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем электронды еңбек биржасы арқылы онлайн түрде тағайындалды.

«2022 жылдан бастап «Бастау бизнес», мемлекеттік гранттар, микрокредиттер беру, жұмыс орнында және жұмыс берушінің тапсырысы бойынша оқыту процесстерін автоматтандыру жоспарланып отыр. Осылайша алдағы жылы жұмыспен қамту саласындағы барлық қолдау шаралары 100 пайыз автоматтандырылатын болады», - деді Серік Шәпкенов.


Соңғы жаңалықтар