Жұмысқа заңсыз тартылған Өзбекстан азаматтары елден шығарылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үй құрылысына заңсыз тартылған 4 Өзбекстан азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары Алтай қаласында заңсыз жұмыс істеген өзге елдің азаматтарын анықталды.

Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасының 4 азаматы жеке тұрғын үй құрылысында заңсыз еңбек еткен. Қазіргі уақытта сот шешімімен олар ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес Қазақстанға 5 жыл бойы кіруге тыйым салынды.

«Ал жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жауапқа тартылды. Нақты айтқанда, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау. Ер адам 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде полицейге күш көрсеткен екі жігіттің ұсталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар