Жүк көліктерін Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өткізу мәселесі талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қырғызстандық әріптесі Чингиз Айдарбековпен екі ел шекарасынан жүк көліктерін өткізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөліктерінің өту мәселелеріне ерекше назар аударылды», - деді Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосынан.

Мәлім етілгендей, екі елдің СІМ басшылары өзара құрмет, достық және тату көршілік рухында көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Нұр-Сұлтан мен Бішкектің екіжақты ұмтылысын қуаттады.


Соңғы жаңалықтар