ЖСДП алдағы сайлауға қатыспайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезі өтті. Жиын барысында партияның алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның съезінің күн тәртібінде партияның алдағы сайлауға қатысатыны немесе қатыспайтыны туралы мәселе қаралды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысқан залдағы партия мүшелерінің 80 пайызы , яғни 32-сі бойкот жариялауды қолдады, 3 адам сайлауға қатысуға дауыс берді. 5 адам қалыс қалды.

Съезді қорытындылай келе Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатыспайтыны туралы шешімін жариялады.

Осыған орай сайлауға байланысты басқа да мәселелердің бәрі съездің күн тәртібінде қаралмайтын болды.

«Жұмысты ары қарай жалғастыруымыз керек. Бойкотпен өмір тоқтап қалмайды. Алда тағы сайлау болады. Біз партияны құру жұмысын жалғастыруымыз керек. Биыл біршама істі тындыруды көздеген едік. Болған жайларды ой елегінен өткізерлік уақыт бар. Біз жаңғыру бағдарын жариялауымыз керек», - деді партия төрағасы Асхат Рахымжанов.


Соңғы жаңалықтар