«Жомарт жүрек» сыйлығына үміткерлерге дауыс беру басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамдық даму министрлігі алғаш рет «Жомарт жүрек» сыйлығын тапсырады. «Жомарт жүрек» сыйлығы - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылып отырған бірегей жоба, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған сыйлық туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттарға, белсенді тұлғаларға, бизнес-құрылым өкілдеріне, еріктілер мен түрлі ұйымдарға табысталады. 

Жеңімпаздар «Жыл меценаты», «Жылдың үздік ұйымы», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен еріктілік» аталымдары бойынша марапатталады.

Қатысушыға jomartjurek.kz сайтында дауыс беруге болады. Дауыс беру мерзімі - қараша айының 12 -25 аралығы. Марапаттау рәсімі 6 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар