Жолтай Әлмашұлы: Коронавирус індетінің емі - оқшаулану

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Жолтай Әлмашұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ елінің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі жасаған мәлімдемесі біздің халқымыздың, жалпы әлем жұртшылығының басына қиындық тудырып отырған коронавирус індетімен күреске қарсы шаралар төңірегінде болды. Елімізде қабылданған төтенше жағдайға байланысты тиісті шараларды қатаң ұстану керектігін де баса айтты. Оның себебі де бар. Коронавирус індетінің емі - оқшаулану. Қытай Ухань қаласында басталған дертті аз уақыттың ішінде жоя білді. Яғни, халқы тәртіпке бағынды, үйден шықпау нұсқауын қатаң ұстанды. Соның арқасында індеттің таралуы тоқтады. Енді халқымыздың да осындай тәртіпке үйренетін кезі жетті», - деді жазушы.

Осы ретте Жолтай Әлмашұлы коронавирус індетімен күресіп жатқан дәрігерлерміздің ерен еңбегін жоғары бағалауымыз керектігін баса айтты.

«Мемлекет басшысының дәрігерлерге жасап отырған материалдық көмегін өте дұрыс әрі тиімді және дер уақытында қабылданған шара деп қабылдауымыз керек. Дәрігерлердің еңбегіне алғысымыз шексіз. Халқымызға сабыр, елімізге тыныштық тілеймін. Коронавирус індетін тезірек жеңіп шығуды бізге нәсіп етсін», - деді қарымды қаламгер.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.


Соңғы жаңалықтар