Жолды күтіп ұстауға жауапты 3 мыңға жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы жолдарды күтіп ұстауға жауапты 3 мыңға жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі мәселесі де өткір тұр. Еліміздегі әрбір үшінші жол-көлік оқиғасы, әрбір төртінші өлім-жітім мен жарақаттантану - солардың үлесіне тиесілі. Бұған қоса, жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты да проблема бар. 2020 жылы жол жүрісі ережесін бұзған 200 мыңнан астам жаяу жүргінші анықталды», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибе жаяу жүргіншілердің лайықты қауіпсіздігін дамыған жүргіншілер инфрақұрылымы ғана қамтамасыз ете алады.

Осыған орай өткен жылы жол инспекциясының бөлімшелері шамамен 500 мың шақырымды қамтитын автомобиль жолдарында 25 мың зерттеу жүргізді.

«Зерттеу ел жолдарына қосымша 23 мыңнан астам жол белгісін орнату қажеттігін көрсетті. Жол жүрісі қауіпсіздігіне теріс әсер ететін 57,5 мың жол инфрақұрылымындағы ақау анықталды. Қызметкерлеріміз оларды жою үшін 25 мыңнан астам ұйғарым шығарып, жолды күтіп ұстауға жауапты шамамен 3 мың лауазымды тұлға жауапқа тартылды», - деді Серік Түсіпов.


Соңғы жаңалықтар