Жолдарды жөндеу бағасын 12,5 млрд теңгеге асырып көрсету фактісінің жолы кесілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жолдарды жөндеу бағасын 12,5 млрд теңгеге асырып көрсету фактісінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, Агенттік бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың жолын кесу бойынша ауқымды жұмыстарды алдын алудың кешенді шаралары арқылы да жүргізеді. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтауға нақты және белсенді түрде қатысатын азаматтық қоғам шешуші рөл атқарады. Былтыр біздің бастамамызбен 500-ден астам қоғамдық бақылаушы магистратураға түсуге жүргізген мониторингтің нәтижесінде мемлекеттің 2,7 млрд теңге қаражаты үнемделіп, дайындықсыз қатысқан үміткерлер шығарылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» талдау жүйесі арқылы сатып алу мониторингі бойынша қашықтан жүргізілетін күнделікті жұмыс нәтижесінде жарты жылда 6 млрд теңге үнемделді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адалдық алаңы» бағдарламасының аясында Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Сапалы жол» жобасының нәтижесінде жолдарды жөндеу бағасын 12,5 млрд теңгеге асырып көрсету фактісі анықталып, тоқтатылды«, - деді Нұрлан Жақсымбетов.


Соңғы жаңалықтар