Жолаушылар ұшағы Оралдағы әуежайға қона алмады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең жолаушылар ұшағы Оралға көктайғақ салдарынан қона алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, түнде күннің суытуына байланысты ұшып-қону жолағында көктайғақ болды.

Сондықтан елордадан ұшып шыққан, бортында 100 адамдай бар Air Astana ұшағын Ақтөбеге жіберуге тура келді.

«Барлық тиісті жұмыстар жасалып, ұшып-қону жолағын қалпына келтірдік. Кейін аталған ұшақ Оралға келіп қонды. Қазір әуежай қалыпты жұмыс жасауда», деді ҚазАқпарат тілшісіне Х.Расқалиев.

Бортта болған жолаушылардың бірінің айтуынша, ұшақ Оралға бүгін таңертең сағат 8.45-те қонуы керек еді. Ауа райының қолаусыздағынан Ақтөбе айналып келген ұшақ Оралға сағат 14.08 шамасында қонды.


Соңғы жаңалықтар