+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жолаушылар пойыздары жол жөндеуге байланысты кешіктірілуде - ҚТЖ

2021 жылғы 8 маусым 12:29
Бөлісіңіз:
Жолаушылар пойыздары жол жөндеуге байланысты кешіктірілуде - ҚТЖ

НҰР- СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚТЖ» ҰК» АҚ темір жолдарға күрделі жөндеу жүргізілуіне байланысты жолаушылар пойыздары қозғалысының кестесі бұзылып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе облысында автожолдарда жыл басынан 53 адам көз жұмды ШҚО-да 216 жаңа жедел жәрдем автокөлігі сатып алынды Қазақстандықтар техникалық ақауға байланысты жаңа көліктерді тіркей алмайды

Темір жолдарды жаңғырту осы жылы сәуір айында басталған. Бұл жұмыстар қозғалыс қауіпсіздігін және жүк, жолаушылар пойыздарының жылдамдығын арттыруға бағытталған. Жөндеу штаттық тәртіпте, кешіктірілмей жасалуда. Коронавирус

инфекциясымен күрес аясында барлық қауіпсіздік шаралары ескеріліп отыр. «ҚТЖ» ҰК» АҚ келтірілген ыңғайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және жұмыстарды тезірек аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын хабарлайды.

2001 жылдың 8 желтоқсанындағы ҚР «Темір жол көлігі туралы» заңының 80 бабы 3 тармағына сәйкес жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін айыппұл төлеу қарастырылған:

80 бап. Жолаушыларды, багаждарды, жүк багаждарын жеткізу мерзімінің бұзылғаны үшін жауапкершілік.

3 т. Теміржол станцияларына жолаушы тасымалдап бара жатқан жолаушылар пойыздары кідіртіліп жөнелтілсе және кешігіп келсе тасымалдаушы жолаушыға жол жүру құжаты (билет) құнынан 3 пайыз көлемде кешіккен әр сағат үшін айыппұл төлейді.

Бұл ретте кешіктіру мен кідіруіне қандай да бір басқа күштің салдары себеп болғанын дәлелдей алмаса жолаушыларға шығынын өтеп береді. Өндірілген айыппұл сомасы жол жүру құжатының құнынан асып кетпеуі керек. Жолаушылар пойыздарының кешіктірілгені үшін төленетін айыппұл тасымал ережелеріне сай жолаушылар арызы бойынша төленеді.

Өтемақыны алу үшін жолаушы вокзалдағы кезекшіден жол жүру құжатына міндетті түрде пойыздың кешіктірілгені туралы белгі соқтырады. Әрі қарай жолаушы сол құжат арқылы, сонымен қатар жеке куәлігін алып «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кез келген кассасына барып, заң бойынша өзіне тиесілі өтемақыны алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT