+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Жолаушылар билетінің ақшасы толық көлемде қайтарылады – ҚТЖ

2020 жылғы 18 наурыз 12:44
Бөлісіңіз:
Жолаушылар билетінің ақшасы толық көлемде қайтарылады – ҚТЖ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай жариялануына байланысты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы жолаушылар билетінің ақшасын толық көлемде қайтару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бүгін кассаларда билет құнын қайтару бойынша жүктеме айрықша жоғары болды. Қайтарылған билеттердің ақшасы төлық көлемде, ешқандай айыппұл ұсталмай беріледі. Барлық касса тәулік бойы күшейтілген режімде жұмыс істеуде», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маркетинг және сату департаментінің директоры Алмас Айтбаев.

Оның айтуынша, қоғамдық орында адамдар көп жиналып қалмас үшін жолаушылар түсіністік танытып, билет ақшасын қайтарып алуға кейінірек – 6 ай ішінде келуіне болады.

«Кезекте тұрған адамдар өте көп болғандықтан, кейбір кассаларда ғана қажетті көлемде қолма қол ақша тапшылығы болды. Ал жалпы алғанда кассалар қаражатпен толық қамтамасыз етілген. Коронавирустың таралу қаупін азайту мақсатында қайтарылған билеттің ақшасын алты ай көлемі ішінде өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта келіп алуды ұсынамыз», - дейді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚТЖ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT