Жолаушылар автокөлігі қызметтерінің бағасы 1 жылда 6 пайызға қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жолаушылар автокөлігі қызметтерінің бағасы 1 жылда 6 пайызға қымбаттады. Бұған қоса тамыз айында жолаушылар тасымалы өткен жылмен салыстырғанда 8 есеге жуық төмендеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі energyprom.kz-ке сілтем жасап.

2020 жылдың қаңтар-тамызында автомобиль және қалалық электр көліктерімен 7 млрд адам тасымалданды. Бұл осыдан 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,2 есеге төмен. Ал тамыз айында 260,9 млн жолаушы тасымалданып, көрсеткіш шілдемен салыстырғанда 5,4 пайыз жоғары болғанымен 2019 жылдың тамызына қарағанда 7,9 есеге кеміді. Жолаушылар айналымы жыл ішінде 2,3 есеге азайып, 75 млрд жолаушы-шақырым болды. Тамызда жолаушылар айналымы 3,1 млрд жолаушы-шақырымға жетіп, осы жылдың шілдесімен салыстырғанда 9,1 пайыз өсім көрсетті. Дегенмен, 2019 жылдың тамызымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7,3 пайызға кем.

Автомобиль және қалалық электр көліктерімен тасымалданған жолаушылардың ең көбі әдеттегідей автобустар мен таксилерге тиесілі. Автобустармен 5 млрд жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 2,3 есеге аз. Таксимен 2 млрд адам тасымалданып, 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 48,7 пайызға төмендеді. Автомобиль көліктерімен 2 млрд тонна жүк және қол жүгі тасымалданып отыр. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға кеміді. Жүк айналымы 98,7 млрд тонна-шақырымға жеткенімен бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 14,3 пайызға төмендеді. Тамызда жүк айналымы көлемі шілдемен салыстырғанда 3,4 пайызға артып, 14,9 млрд тонна-шақырым болды. Дегенмен, өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 15,4 пайызға кем.

Осы жылдың 8 айының қорытындысында автомобиль және қалалық электр көліктерінің кірісі 152,9 млрд теңгеге болғанымен бір жылдың ішінде 11,6 пайызға құлдырап отыр. Өткен жылы олардың кірістері 173 млрд теңгеге жетіп, жыл ішінде 8,2 пайызка артқан еді.

Тамызда жолаушылар көлігі қызметтерінің бағасы өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 5,7 пайызға қымбаттады. Тек Шымкент қаласында ғана баға өзгеріссіз қалды. Қызмет бағасының ең жоғары өсімі Түркістан облысында 28,1, ал маңғыстау облысында 25,4 пайыз болды.


Соңғы жаңалықтар