Жол жүру тарифтері жақын арада көтерілмейді – Автокөлікшілер одағы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жол жүру тарифтері жақын арада көтерілмейді. Бұл туралы Қазақстан автокөлікшілер одағының басшысы Сәбит Аманбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шағын субсидиялар салдарынан автопарктер қаншалықты ұтылып жатыр? Тарифтерді көтеретін мүмкіндік жоқ па?»- деп сұрақ қойды модератор.

«Жол жүру тарифтерін заң бойынша жергілікті атқарушы орган белгілейді. Тасымалдаушының өзі көтере алмайды. Өздеріңіз білетіндей, бұл тарифтер халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімді болуы тиіс. Жақын арада тарифтерді көтеру туралы еш әңгіме болмайды», - деп түсіндірді Сәбит Аманбаев «Kazinform» алаңында «Қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдаудағы бәсекелестік» атты жиында.

Шағын субсидия салдарынан автопарктер шығын туралы сұраққа одақ басшысы «Халық қанша шығынға ұшырап жатыр?» деп жауап берді.

«Бізде субсидия болмағандықтан, қозғалыс қауіпсіздігі, алдын алу жұмыстары жоқ. Сондықтан біз жол үстіндегі өлім-жітім бойынша бірінші орында тұрмыз, автопарк жаңартылмаған. Неліктен жүру кестелері бұзылады? Бізде жүргізуші жетіспейді, өйткені біз оларға лайықты жалақы төлемейміз. Сондықтан субсидия мәселесі кездейсоқ қойылып отырған жоқ. Үкіметтің өкімімен бұл мәселе шаралар кешенінде бірінші орынға қойылды. Субсидиялау қазіргі уақытта проблемаларды шешудің бірден-бір жолы», - дейді Сәбит Аманбаев.


Соңғы жаңалықтар