Жол жөндеуде алаяқтар пайда болды - «ҚазАвтоЖол» Басқарма төрағасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алаяқтар өз әрекеттерін қалай жүзеге асыратыны және олардан сақ болу керектігі туралы ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліпов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің салада қазір алаяқтар пайда болды. Олар қалай жұмыс істейді? Бізде жол салу немесе жөндеуде негізгі мердігер компаниядан бөлек, қосымша мердігер компания болады. Алаяқтар сол қосымша мердігер компаниялар арқылы өздерінің заңсыз қызметін ұсынады. Осы орайда жол жөндеу жұмыстары бойынша қажет қызмет пен маманды өзіміздің ресми сайт немесе әлеуметтік желідегі парақшамыз арқылы жүргізетін болдық. Одан бөлек, жуырда Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігіне арнайы хат жолдап, осы проблемамен бірлесіп күресуді ұсындым», - деді Ұ. Әліпов.

Айта кетсек, бұған дейін ұлттық компания басшысы жол саласында маман тапшылығы барын мәлім еткен болатын.



Соңғы жаңалықтар