Жол сапасына қатысты 3,9 мың олқылықтар анықталған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инновациялық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Жол активтері сапасының ұлттық орталығы еліміздегі жол құрылысы, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарын сараптауды жалғастырып келеді.

Биылғы 6 айда орталық мамандары елдегі жолдарға 5647 инспекциялық тексеру жүргізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 3732 инспекциялық тексеру, ал жергілікті жолдардың желісіне 1915 тексеру жасалған. Нәтижесінде Жол активтері сапасы ұлттық орталығының қызметкерлері жол салуда 3,9 мың олқылықты анықтады, жол-құрылыс материалдарының 9 мың сынамасын алып, сынақтан өткізді», делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, осы жылдың алғашқы жартыжылдығында жолдардың 2442 шақырымы құралдық диагностикадан, 1457 шақырымы жол учаскелерінің кепілді мониторингінен өткізілді. Жол активтері ұлттық сапа орталығының Нұр-Сұлтан филиалы жүзден астам тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады. Мердігерлерге тиісті нұсқаулықтар берілді.

Жалпылай алғанда, 2020 жылы Қазақстанда жолдардағы жұмыстар мен құрылыс материалдарының сапасын сараптау аясында ел жолдарына 6700 инспекциялық тексеру жасалса, жолдардың 11680 шақырымы құралдық диагностикадан, 4665 шақырымы кепілді учаскелерінің мониторингінен өтпек.

Соңғы жаңалықтар