Жол сапасын бақылау: Алматыда 17 тонна асфальт зауытқа қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізу кезінде заң бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен аптада біздің инспекторлар Витебская көшесі бойында «әл-Фараби» даңғылынан бастап жүргізіліп жатқан жұмысты тексерді. Нәтижиесінде қолданып жатқан материалдың температурасы нормаға сәйкес келмейтіні анықталды. Сол себепті, мердігер компания зауытқа 10 тоннадан астам асфальтты қайтаруға мәжбүр болды. Сонымен қатар, Сәтбаев көшесінің бойымен Весновка өзенінің жағасында жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарынан да шикілік шықты. Мұнда мердігерлер жаяу жүргіншілер жолын жаңарту кезінде іргетас дайындамаған. Жұмысшылар көпірдің астында орналасқан тозығы жеткен темірбетон плиталарының үстіне асфальт төсемекші болған», - деп хабарлады қала құрылысын бақылау басқармасынан.

Сондықтан, асфальт төсеу жұмыстары уақытша тоқтатылды және 7 тонна асфальт зауытына қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар