Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы БАҚ өкілдері арасында конкурс жариялайды

None
None
НҮР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК БАҚ өкілдері, блогерлер арасында жол сапасының мәселелері мен жолдардың сапасын арттыру тақырыптарында үздік жарияланым бойынша конкурс жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсанға дейін баспа және электрондық БАҚ – та жарық көрген жол сапасының мәселелері мен жолдардың сапасын арттыру тақырыптарын жариялау бойынша жұмыстар, сондай-ақ телесюжеттер (тақырыптық телесюжеттер циклі), қабылданады.

Конкурсқа ұсынылатын жұмыстардың саны шектелмеген. Материалдар төмендегі номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:

1) «Үздік теледидар материалы»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Конкурстың қорытындысы материалдарды қабылдау аяқталғаннан кейін шығарылады.

Байқаудың қорытындысын шығару кезінде қазылар алқасы келесі талаптарды басшылыққа алады:

1) белгіленген тақырыпқа сәйкестігі;

2) проблеманы талдау тереңдігі;

3) мазмұндау стилі;

4) авторлық тұжырымдаманың дербестігі.

«Материалдар 2020 жылғы 7 қазаннан 7 желтоқсан аралығында жазылып және жариялануы керек. Жарияланған материалдардың ішінде «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК туралы, атқаратын қызметі және жолдардың сапасы туралы мәліметтер қамтылуы тиіс»-делінген хабарламада.

Конкурсқа қатысу үшін материалдар [email protected] электрондық поштасы арқылы қабылданады. Байланыс телефоны: +7 (7172) 739-739


Соңғы жаңалықтар