Жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі екі проблема қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің әкімшісі Сергей Пеннің пікірінше, Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде екі негізгі проблема бар. Соның бірі - оқытушылар мен профессорлардың жалақысының төмендігі. Оның айтуынша, университеттер ғылыми салаға талантты кадрларды тартуы тиіс. Бұл ретте олардың жалақысы да тиісінше жоғары болуы шарт.

«Мысалы, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде халықаралық градация жүйесі бойынша жұмыс істейтін профессорлардың жалақысы - $1000-дан $5000-ға дейін. Бұл жерде, әрине, мемлекеттік қолдау қажет. Көптеген елдер жоғары оқу орындарының базасында жұмыс істейтін ғалымдарын тікелей қаржыландырады. Бұл - өте маңызды аспект», - деп атап өтті Сергей Пен.

Ол қазақстандық жоғары оқу орындары студенттер мен білім беру үдерісін бизнес ретінде қабылдайтынын да мәлімдеді.

«Студенттерге әмиян ретінде қарап, білім жүйесін табыс көзіне айналдырудың қажеті жоқ. Білім сапасы да тиісінше жоғары деңгейге көтерсін. Мұндай жағдайда олар контингентін жоғалтуға, сұранысты жоғалтуға және кірістің азаюына дайын болуы керек. Жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін сыртқы бақылау тетіктерін қолдануды ұсынамын. Мысалы, баға медианасын енгізу идеясы. Кейбір университеттерде 100% студент қабылданып, 800% бітіріп шығады. Елімізде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Бұл мәселемен күресу керек»- дейді «ADAL BILIM» жобалық кеңсесінің әкімшісі.

Оның пікірінше, сабақ беру деңгейін қолға алған университеттер ғылыми білімді қалыптастыру үшін зерттеу қызметінің деңгейін де көтеруі керек.



Соңғы жаңалықтар