Жоғарғы соттың сайтында сот анықтамасы жобасы іске қосылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов құзырлы органның жаңа жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көп адам бізді ұраншыл деп ұнатпауы мүмкін. Азаматтар «осы заң не берді, алдағы заң не береді, пилоттық жобалардың берері қандай?» деген сыңайда нақты сұрақтарды қояды. Бұл сұрақтардың салмағы баршылық. Бұл айналып келгенде әділқазылықтың сапасына қойылып жатқан әділетті сұрақтар. Осынау өткір әрі жүйелі сауалдарға жауап беру үшін жаңа өнімді – сот жүйесі туралы негізгі ақпараттар жинағын іске қосуды жөн көрдік. Осы жобаның негізінде сот жүйесін барынша ашық ету қағидаты жатыр», - деді Жақып Асанов қазақстандық соттардың жұмысының 2019 жылдың қорытындысы бойынша өткен жиында.

Жоғарғы сот төрағасының айтуына қарағанда, кез келген азамат, сарапшы немесе халықаралық институт кез келген уақытта сот жүйесінде не болып жатқанын біле алады. Жоба ақпан айында іске қосылмақ.

«Қазақстандағы әділқазылық: қазіргі жағдай, трендтер мен келешек» - атауының өзі салмақты. Жинақ 3 ақпанда біздің порталда жарыққа шығады. Сол себепті сот жүйесіне қызығатын кез келген адам сайтқа кіріп оны кере алады», - деді ол.

Сонымен қатар, Жақып Асанов жинақ алты ай сайын жаңарып отыратынын жеткізді.

«Азаматтар ендігі кезекте біздің жұмысты, жобалар мен міндеттерді бақылап отыра алады», - деді Жақып Асанов.


Соңғы жаңалықтар