Жоғалған альпинистерді қалай іздеп жатқаны туралы видео жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әскерилері жоғалған альпинистерді іздеп Жеңіс шыңын шолғындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазақстан әскерилері Қырғызстанда Жеңіс шыңын тепловизормен шолғындап, айнала ұшып шықты. Қазіргі уақытта олар базалық лагерьде. Тепловизордың көмегімен алынған ақпаратты өңдеп жатыр. Содан кейін олар бұдан әрі қалай әрекет етуге шешім қабылдайды», - деп атап өтеді ведомстводан.

Еске салсақ, алматылық альпинистер тобы Қырғыз тауларында жоғалған. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тауда қазақстандық альпинистер тобының жоғалып кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылық білдірді. Кейінірек жоғалған альпинистердің бірінің қызы әлеуметтік желі арқылы қалың көпшіліктен көмек сұрады. Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі альпинистерді құтқару операциясын бастады.

Соңғы жаңалықтар